• 22.01.2022

ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

  • ҚазҰӨА
  • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ

Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ атындағы ҚазҰӨА «8D021 – ӨНЕР» ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ (ҚР БҒМ 2021 жылдың 9 наурыз № 98 Бұйрығының өзертулерімен) 

  1. Пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелері бар болуы туралы ақпарат
  2. БҰЙРЫҚ ЭТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
  3. ДИСЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢІСТІҢ ЕСЕБІ
  4. Диссертациялық кеңес
  5. ХАТТАМАЛАР
  6. Онлайн форматта қорғау нұсқаулығы
  7. Диссертациялық кеңес мүшелерінің ғылыми жарияланымдарының талаптары
  8. Диссертациялык кеңес кұру туралы

  1. ДИССЕРТАЦИЯЛАР 2019
  2. ДИССЕРТАЦИЯЛАР 2020
  3. ДИССЕРТАЦИЯЛАР 2021

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «8D021-Өнер» Диссертациялық кеңесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңының нормаларына (2021 жылғы 31 наурыздағы № 24-VII ҚРЗ өзгерістерімен және толықтыруларымен), 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 (2021 жылғы 9 наурыздағы өзгерістерімен және толықтыруларымен, ҚР БҒМ №98 Бұйрығымен) Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығымен (2021 жылғы 9 наурыздағы өзгерістерімен және толықтыруларымен, ҚР БҒМ № 98 бұйрығымен) бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесіне сәйкес әзірленді. Осы Ереже Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «8D021-Өнер» Диссертациялық кеңесін ашу және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖОО) жанындағы алқалы органдар;

2) философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор – ғылыми-педагогикалық бағыт немесе кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантура бағдарламасын меңгерген және Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерде диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәрежелер.

2-тарау. Диссертациялық кеңестердің қызметін ұйымдастыру

3. Диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және ЖОО-да кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:

1) докторантура бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша;

2) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)            22-бабының 2-тармағына сәйкес Білім беру бағдарламаларының тізбесінде докторантураның білім беру бағдарламалары;

3) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген докторантураның аккредиттелген білім беру бағдарламалары;

4)  Заңның 5-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес бөлінетін оқытудың 1, 2 және 3 жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда жұмыс істейді.

         4. Диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар кемінде 6 (алты) адам кіреді.

         Диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 50% (елу) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және (немесе) басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.

Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу), оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғылыми хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.

Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу) докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде докторанттың ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ докторантпен және оның ғылыми кеңесшісімен  үлестес тұлғалар:

1) жақын туыстары – ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, аға-інісі мен әпке-сіңлісі, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері, жұбайы немесе зайыбы, жекжаттары;

2) докторант  немесе ғылыми кеңесші  еңбек қатынасында немесе олардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін басқа да қатынастарда тұрған ұйымдардың қызметкерлері;

3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде бірге жариялаған мақалалар және шолулар тең авторлары тағайындалмайды.

5. Диссертациялық кеңестің құрамына:

1) диссертациялық кеңес құрылған ЖОО-ның ректоры;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері;

3) соңғы 5 (бес) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша ғылыми консультанттар, жетекшілер болған мамандар кірмейді.

        6. Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лардың жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамында кеңестің бір мүшесі шетелдік ғалым (ӘАОО-дан басқа) болып табылады. Диссертациялық кеңес мүшелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптарды ерекше мәртебесі бар ЖОО өз бетінше белгілейді.

7. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы және ондағы өзгерістер, сондай-ақ кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғылыми хатшысы  ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.

8. 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 56 ДК құруға қатысты ДК туралы Үлгі Ережеге енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның диссертациялық кеңесі ерекше мәртебесі бар ЖОО ретінде 2019-2021 жж. үш күнтізбелік жылға (ректордың 28.09.2018 ж. № 512 Бұйрығы) құрылды. Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Диссертациялық кеңесі докторантураның тиісті мамандықтары (кадрлар даярлау бағыттары) бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы болған жағдайда дербес құрылады. Диссертациялық кеңес құрылғаны туралы ақпарат ректор бұйрығы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылады.

9. ЖОО:

1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;

2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін қамтамасыз етеді. ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді;

3) диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде диссертациялық кеңес мүшелерінің іссапар шығыстарын төлеуді қамтамасыз етеді.

         10. Нақты білім беру бағдарламасы (мамандық) бойынша диссертациялық кеңестің жабылуына мыналар негіз болады:

1)      докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған осы кеңесте қорғалған диссертациялар жөніндегі 3 (үш) және одан да көп шешімі;

2)      докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясынан айыру;

3)      докторантураның білім беру бағдарламасының аккредиттеу мерзімінің аяқталуы (ӘАОО-лардан басқа).

Осы Ережеде белгіленген талаптарды диссертациялық кеңес 3 (үш) реттен көп бұзған жағдайда диссертациялық кеңестің төрағасы, төрағаның орынбасары және ғылыми хатшысы ауыстырылады.

3-тарау. Диссертациялық кеңестің функциялары

11. Диссертациялық кеңестің функциялары:

1) диссертацияны қорғауға құжаттарды қабылдау;

2) диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін, қорғау күнін және ресми рецензенттерді тағайындау;

3) диссертациялық кеңес мүшелерінің құрамынан докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын (плагиат) тексеру үшін комиссия (бұдан әрі – Диссертациялық кеңестің комиссиясы) құру;

4) диссертацияның ашық түрде қорғауды өткізу;

5) диссертация бойынша шешім қабылдау.

12. Диссертациялық кеңестің мүшелері:

1) объективті, толық және дәйекті мәліметтерді ұсынады;

2) диссертация қорғауға қатысты деректерді жасыруға жол бермейді;

3) ғылыми этиканың бұзылу фактілеріне ден қояды;

4) шешім қабылдағанда қоғамдық пікірдің, тараптардың бірінің немесе үшінші тараптың әсеріне тәуелді болмайды;

5) мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша шаралар қабылдайды;

6) қызмет бабында кеңестің басқа мүшелерінің, докторанттардың, ғылыми кеңесшілер мен ресми рецензенттердің ары мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды пайдаланбайды.

Осы тармақта көрсетілген талаптардың орындалмау фактілері анықталған жағдайда диссертациялық кеңестің мүшесі оның құрамынан шығарылады.

13. Күнтізбелік жыл аяқталған соң диссертациялық кеңес осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитетке диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп береді.

14. Диссертациялық кеңес докторанттың диссертациялық жұмыс немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелер беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-1-тармағының талаптарына сәйкес жарияланған мақалалар сериясы нысанында ұсынған диссертациясын қорғауды өткізеді.

15. Қорғауға құжаттарды қабылдауға дейін докторант оқыған ЖОО ЖОО кафедрасының не құрылымдық бөлімшесінің ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысында (бұдан әрі – кеңейтілген отырыс) диссертацияны алдын ала талқылауды өткізеді. Жоғары оқу орнының докторанттың кеңейтілген отырыс өткізілгеннен кейін диссертацияны талқылаудың басқа нысандарынан міндетті түрде өтуін талап етуіне жол берілмейді.

         Кеңейтілген отырыс өткізуден 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 2 (екі) маманға рецензияға жолданады.

         Кеңейтілген отырысқа кафедра мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), рецензенттер, құрылымдық бөлімшенің ғылыми немесе академиялық кеңесінің  мүшелері, ғылыми консультанттар, сондай-ақ ЖОО-ның аралас (мәндес) кафедраларының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, практик мамандар (қолданбалы сипаттағы  диссертациялар үшін) қатысады.

         Отырыста консультанттар болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін ЖОО кафедрасының немесе құрылымдық бөлімшесінің басшысы не оның орынбасары оқиды.

         16. Кеңейтілген отырыстың оң қорытындысын алғаннан кейін докторант ЖОО ректорына өзі қорғайтын диссертациялық кеңесті таңдау туралы өтініш береді. Егер докторант басқа ЖОО-ның диссертациялық кеңесін көрсеткен жағдайда, онда докторант оқыған ЖОО 10 (он) жұмыс күні ішінде оның құжаттарын диссертациялық кеңеске жібереді.

         ӘАОО-лардағы докторанттар осы ЖОО-да тиісті мамандық (кадрлар даярлау бағыты) бойынша диссертациялық кеңес болмаған жағдайда диссертацияларын басқа ЖОО-лардың диссертациялық кеңестерінде қорғайды.

         Диссертациялық кеңеске мынадай құжаттар ұсынылады:

         1) отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың пікірлері (ӘАОО-лар үшін отандық консультанттардың пікірлері);

         2) кеңейтілген отырыстың оң қорытындысы;

         3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы диссертациялық жұмыс (егер диссертация диссертациялық жұмыс түрінде қорғалатын болса);

         4) ғылыми еңбектердің тізімі және олардың көшірмелері;

         5) докторант оқыған ЖОО-ның Этикалық комиссиясының зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы.

         Диссертациялық жұмыс қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде  ұсынылады.

         Осы тармақта көрсетілген құжаттарды тіркеуді диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы жүзеге асырады және оларды 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде диссертациялық кеңеске ұсынады.

         Диссертацияны қорғауға қабылдау жөніндегі диссертациялық кеңестің отырысында кеңестің тұрақты құрамы осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындайды.

         17. Құжаттар қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей диссертациялық кеңес диссертацияны қорғау күнін белгілейді және ғылыми дәрежесі (ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар және докторанттың зерттеу саласы бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы бар екі ресми рецензентті тағайындайды.

         Диссертацияны қорғау күні диссертацияның қорғау күнін белгілеу күнінен 3 (үш) айдан аспауға тиіс. Қорғау күнін белгілеу кезінде докторанттар құжаттарының түсу кезегі сақталады.

18. Диссертациялық кеңес ресми рецензенттерді тағайындау кезінде ресми рецензенттердің, ғылыми консультанттардың бір-біріне тәуелді болмау  принципін басшылыққа алады.

Мыналар ресми рецензент бола алмайды:

1) Комитет қызметкерлері;

2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;

3) диссертация орындалған және (немесе) докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО-ның құрылымдық  бөлімшелерінің және (немесе) ғылыми ұйымдардың басшылары және қызметкерлері;

         4) соңғы 3 (үш) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша оң қорытынды берген ғылыми консультанттар немесе ресми рецензенттер болған мамандар.

         19. Диссертациялық кеңес ЖОО-ның интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

         1) докторант,  диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері және ресми рецензенттер туралы ақпаратты, диссертацияны ұсыну нысанын, мекенжайын, күні мен уақытын (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын, тұрақты негізде қолжетімді болады) көрсете отырып, алдағы қорғау туралы хабарлама;

         2) диссертация (қорғаудың белгіленген күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), сондай-ақ оның диссертациялық кеңестің ескертулері бойынша титул парағында тиісті белгілері бар пысықталған барлық нұсқалары (тұрақты негізде қолжетімді);

         3) жалпы көлемі 15 беттен аспайтын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын). Аннотацияда қорғауға шығарылатын диссертациялық зерттеудің тақырыбы, мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу әдістері, негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар), зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы, алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі, ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі, докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады;

         4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

         5) ғылыми консультанттардың қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді болатын пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

         6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын);

         7) қорғаудың толық көлемдегі бейнежазбасы, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

         8) диссертациялық кеңестің диссертациялық жұмысты пысықтауға,  қайта қорғауға жіберу туралы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

         9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

         10) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

         11) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есеп (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестер үшін). Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

         12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломды беруді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер (ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестер үшін);

         13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

         14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;

         15) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуы туралы ақпарат;

         16) докторант оқыған ЖОО-ның жанындағы Этикалық комиссияның зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы (осы Ережедегі 4-қосымшаға сәйкес);

         17) диссертациялық кеңестің бейнеконференция нысанындағы online (онлайн) отырысын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат.

         20. Диссертациялық жұмыс ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан және (немесе) диссертация қабылдағаннан кейін (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдары бар диссертациялар қорғалған жағдайда) оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Диссертациялық жұмыс пысықталған жағдайда оның соңғы нұсқасы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖОО-ның интернет-ресурсында «Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы» деген белгімен орналастырылады.

         ЖОО-ның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

         21. Қорғауға қабылданғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес докторанттың отандық және халықаралық деректер базалары бойынша плагиатты пайдалануын тексеру үшін диссертацияны  «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – ҰМҒТСО) жібереді. Титул беті және пайдаланылған әдебиеттер тізімі плагиатқа тексерілмейді.

         ҰМҒТСО диссертация түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның мәтінін ашық қолжетімді түрде өзінің интернет-ресурсында орналастырады. Диссертация тұрақты күйде қолжетімді болады.

         Мемлекеттік құпиялары немесе қызмет бабында пайдалануы үшін мәліметтері бар диссертацияларда докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдалануы ҰМҒТСО-да немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында және (немесе) ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.

         22. Диссертацияның қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңес диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).

         23. Ресми рецензенттер диссертация мен жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысанда (кесте түрінде) жазбаша пікірлерін ұсынады.

Егер диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалатын болса, ресми рецензенттер докторанттың зерттеу тақырыбы бойынша мақалаларының ғылыми деңгейін зерделейді. Егер мақаланың 2/3 және одан көп бөлігі докторанттың зерттеу тақырыбымен байланысы болмаса, оны ресми рецензент ескермейді.

Ресми рецензенттер пікірлерінде мына шешімдердің бірін көрсетеді:

1)      философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

2)      диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);

3)      философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

         Ресми рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

         Ресми рецензенттер жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады. Егер ресми рецензентті ауыстыру туралы шешім 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.

         24. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖОО-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері болған жағдайда Диссертациялық кеңестің комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

         25. Диссертациялық кеңес Диссертациялық кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде (қорғауға дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей) докторантты қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе диссертацияны қорғаудан алып тастайды. Диссертациялық кеңес қабылданған шешім туралы докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды, сондай-ақ тиісті ақпарат ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау жағдайынан басқа).

         Докторанттың диссертациясын қорғауға дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар.

         26. Диссертациялық кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғылыми хатшысы докторанттың ғылыми кеңесшілері болып табылған жағдайда,  диссертацияны қарау кезінде диссертациялық кеңестің отырысында өз міндеттерін орындай алмайды. Диссертациялық кеңес төрағасының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен төраға орынбасарына, төраға орынбасары мен ғылыми хатшының міндеттерін орындау диссертациялық кеңестің шешімімен оның мүшелеріне жүктеледі.

         Төраға, төраға орынбасары мен ғылыми хатшы бір мезгілде болмаған жағдайда диссертациялық кеңестің отырысы өткізілмейді.

         Диссертациялық кеңес диссертация қорғалуының толық көлемде бейнежазбаға түсірілуін қамтамасыз етеді, монтажға жол берілмейді.

         27. Диссертациялық кеңестің отырысы егер оның жұмысына мүшелерінің кемінде 2/3-і (үштен екісі) қатысқанда заңды болып саналады. Ресми рецензенттердің және диссертациялық кеңестің уақытша тағайындалған мүшелерінің отырысқа қатысуы міндетті болып табылады.

          Диссертациялық кеңес мүшелері және ресми рецензенттер қорғауға бейнеконференция нысанында қатыса алады.

         Диссертацияны ашық қорғау интернет желісінде тікелей онлайн трансляция  режимінде өтеді. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялар қорғалатын жағдайда диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің бейнеконференция нысанында қатысуына, сондай-ақ интернетте трансляциялауға жол берілмейді.

         Отырысқа практикалық саланың шақырылған мамандарының қатысуына жол беріледі (диссертация қолданбалы сипатта болса).

         Диссертациялық кеңес докторантқа, диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми рецензенттерге диссертациялық кеңес отырысын бейнеконференция нысанында өткізетіні туралы электрондық пошта және кеңестің сайтында хабарлама беру арқылы диссертация қорғауға кем дегенде 5 (бес) жұмыс күні қалғанда хабарлайды.

         Диссертациялық кеңес отырысты бейнеконференция нысанында өткізгенде:

         отырысқа қатысатындардың визуалды идентификациясы;

         интернет желісінде отырысқа қатысушылар сөздерінің үздіксіз бейне- және аудио трансляциясы;

         отырыстың бейне- және аудиожазбасы;

         диссертациялық кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беруі қамтамасыз етіледі.  

         28. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

1)      философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖОО жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

2)      диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);

3)      диссертацияны қайта қорғауға жіберу;

4)      философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден бас тарту.

Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

29. Докторанттың ғылым консультанты, тікелей басшысы немесе жақын туысы болып есептелетін диссертациялық кеңестің мүшелері, сондай-ақ шақырылған мамандар дауыс беруге қатыспайды.

Жасырын дауыс беруде ресми рецензенттер қатысады, олардың дауыстары  диссертациялық кеңес мүшелерінің дауыстарына тең.

Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған дауыс беруге қатысқандардың 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

Кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жолдау туралы шешімі, егер  дауыс беруге қатысқандардың 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

30. Қайта қорғауға жіберу немесе философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Ереженің, Қағидаларының қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды.

         Диссертациялық жұмысты қайта қорғау алдындағы қорғаудан 6 айдан кем емес уақыт өткенде осы Ережеде белгіленген тәртіппен өткізіледі. Диссертациялық кеңестің уақытша құрамы және ресми рецензенттер сақталады. Диссертация қайта қорғауға 2 (екі) реттен артық жіберілмейді.

         31. Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда  диссертациялық кеңес диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер қамтылған қорытынды шығарады.

         Пысықталған диссертациялық жұмыс диссертациялық кеңеске  үш айлық мерзімде  ұсынылады, оны 3 (үш) айдан артық мерзімге ұзартуға болмайды. Пысықтау мерзімін ұзарту туралы шешімді диссертациялық кеңес докторанттың өтініші негізінде қабылдайды. Егер пысықталған диссертациялық жұмыс белгіленген уақытта  ұсынылмаса, докторант қайта қорғаудан өтеді.

         Докторант диссертациялық кеңестің ескертулерімен толық не жартылай келіспейтін жағдайда ол берілген ескертулерге дәйектелген жауаптарын ұсынады.

         Пысықталған диссертация ҰМҒТСО-ға плагиатқа тексеруге жіберіледі. ҰМҒТСО анықтамасын алғаннан кейін диссертациялық кеңес ресми рецензенттермен бірге пысықталған диссертациялық жұмысты және диссертациялық кеңестің ескертулерін жою мәніне ескертулерге жауаптарды (болған жағдайда) талқылау жөнінде отырыс өткізеді. Отырыс осы Ереженің 27-тармағында белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте интернетте онлайн трансляциясыз отырыстың бейнежазбасы жүргізіледі.        

         Талқылаудан кейін жай көпшілік дауыспен жасырын дауыс беру арқылы дәреже беру немесе қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады.

         32. Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін 30 (отыз) күн ішінде докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды. Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:

         1) докторанттың ДС төрағасының атына құжаттарды қорғауға қабылдау туралы өтініші;

         2) қатты түптелген және электронды тасымалдағыштағы диссертация;

         3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

         4) ҰМҒТСО-ның және strikeplagiarism.com сайтының диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы;

         5) кафедра кеңейтілген отырысының оң қорытындысы;

         6) осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

         7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғылыми хатшы қол қойған хаттамасы;

         8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;

         9) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.

         33. Диссертациялық кеңестің теріс шешімі қабылданған диссертация қайта қорғауға осы Ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.

Диссертация қайта қорғауға ұсынылған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтардың жойылуы туралы қорытынды жасау үшін диссертациялық кеңес мүшелерінен 3 (үш) адамды  тағайындайды. Қорытынды ЖОО-ның интернет-ресурсында диссертацияны қорғауға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және қорғауда оқылады.

34. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖОО шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.

Апелляцияны өткізу тәртібін ЖОО өз бетінше бекітеді.

Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде докторантқа хабарланады және ЖОО-ның интернет-ресурсына орналастырылады.

35. Осы Ережемен реттелмейтін, оның ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруден, апелляцияға беру мерзімін қалпына келтіруден бас тарту мәселелері бойынша даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібінде шешіледі.