• 28.03.2024

Академия студенттерінің жұмыстары Краков қаласында өткен сән апталығында көрсетілді

Авторkaznai

Сәу 18, 2022

2022 жылдың 19 наурызында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның және Краков өнер және сән дизайны мектебінің ынтымақтастық шеңберінде Польшада Краков сән апталығының көрсетілімі өтті.

Аталған іс-шарада “Сән және костюм дизайны” кафедрасының доценті Бекибаева Гульнар «SAPU» киімді көркем жобалау мектебінің дипломдық жобаларына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері Ұлыбритания, Шри-Ланка, Франция, Швейцария, Польша және т. б. елдердің дизайнерлері, стилистері, костюм суретшілері болды.

Академия студенттері: Мәлика Сүйебеуберген, Әмина Молдағалиева, Бокова Милана, Орынбекова Әйгерім, Дана Сәдуақасова, Алтынай Утарова, Керімбек Алмастың шығармашылық жұмыстары Польша, Шри Ланка, Қытай елдерінен келген қонақтар коллекцияларымен бірге көрсетілімге шықты.  

Академия педагогы –  Гүлнар Бекибаеваны, сондай-ақ біздің студенттерді Польшадағы көрсетілімге қатысуымен құттықтаймыз және оларға шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Приемная комиссия