• 29.03.2024

Вебинар

Авторkaznai

Қаз 12, 2021

Студенттер мен ғылыми жетекшілерге арналған СҒЗЖ бойынша вебинар

2021 жылдың 30-шы қыркүйегінде өнертану кандидаты, ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы Д. Д. Уразымбетов академия студенттері мен оқытушыларына студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы мәселелері бойынша вебинар өткізді.

Вебинарда ҒЗЖ кезеңдері, өткізу мерзімдері, студенттік жұмыстың ғылыми аппараты мен құрылымын құру белгіленді, қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Бірінші академияішілік кезең Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да 2021 жылдың 5 қазанынан 21 қарашасына дейін жалғасады. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша арнайы құрылған комиссияның ішінен құзыретті мамандар, ғалымдар мен оқытушылар екінші республикалық кезеңге қатысу үшін үздік ғылыми студенттік жұмыстарды іріктейді.

Сұрақтар бойынша ғылыми-редакциялық бөлімге (26 кабинет) хабарласуға болады.

Приемная комиссия