• 27.09.2024

«Бағыт беру» апталығы

Авторkaznai

Там 29, 2024

Бірінші курс студенттеріне арналған «Бағыт беру» апталығы: Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академиясының театр залындағы кездесу*

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында бірінші курс студенттері үшін «Бағыт беру  апталығы» басталды. Академия қабырғасында өз жолын енді бастаған бірінші курс студенттеріне ерекше назар аударылды. 29 тамызда «Ата заңым – Конституция» атты дәрістен  кейін студенттер  академияның театр залына жиналды.

Кездесу барысында студенттерге жатақханаға орналасу ережелері, бағалаудың балдық жүйесі туралы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, оқу мен өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау үшін күн тәртібін сақтау және бір-бірін құрметтеу қаншалықты маңызды екені  ескерілді. Сонымен қатар, Платонус платформасы жайлы түсіндіріп, MODLE жүйесімен жұмыс істеу және оқу-әдістемелік құжаттарды тіркеу мәселелері айтылды.

Бұл кездесу бірінші курс студенттерінің студенттік өмірге бейімделу жолындағы маңызды қадам.

Біз бірінші курс студенттеріне оқуда сәттілік, жемісті жыл және барлық мақсаттарды жүзеге асыруды тілейміз. Осы оқу жылы көптеген жаңа білім, жарқын әсер және шабыттандыратын жаңалықтар әкелсін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия