• Wed. Oct 27th, 2021

АКАДЕМИЯНЫҢ I КУРС СТУДЕНТТЕРІ НАЗАРЫНА!

Авторkaznai

Aug 26, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА “Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасы биылғы оқу жылында оқуға түскен студенттерге тілді меңгеру деңгейін анықтау және одан әрі оқу топтарына бөлу мақсатында PLACEMENT TEST – ағылшын тілі бойынша міндетті тестілеу өткізілетінін хабарлайды.
 
Өткізу мерзімі: 29.08.2021 ж. дейін кез келген уақытта
Өткізілетін орны: Moodle оқу платформасы (шығармашылық емтихан тапсырған кезде академия деканаттары ұсынған өзіңіздің жеке логиніңіз бен құпия сөзіңізді білуіңіз қажет).
Шарттары: тест тапсыруға тек бір мүмкіндік беріледі, уақыт бойынша шектеу-60 мин.
 
Жинаған балл нәтижелерімен тестілеу аяқталғаннан кейін бірден танысуға болады. Жиналған балл саны келесі деңгейлерге сәйкес келеді:
00-15 Elementary
16-30 Pre -Intermediate
30-40 Intermediate
40-50 Upper – Intermediate
50-60 Advanced