• Wed. Oct 27th, 2021

С Ү Й І Н Ш І !

Авторkaznai

Sep 10, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы «Музыкалық өнер факультеті», «Эстрадалық оркестр аспаптары» кафедрасының студенттерін «Cantata» Халықаралық байқауындағы жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Биылғы вокалдық-аспаптық Халықаралық онлайн байқау неміс композиторы Георг Филипп Телеманның туғанына 340 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Байқауға Қазақстан, Сербия, Литва, Ресей мен Польша елдері қатысқан. 16 творчестволық жанр бойынша өткізілген байқау жеңімпаздарының қатарында:
Ахметова Айкүміс – бас жүлде, 4 курс студенті, жетекшісі: Оренбургская А.С.
Сатен Нурмухамед – бас жүлде, 4 курс студенті, жетекшісі: Баннов В.М.
Ынтықбаева Анель – бас жүлде, 2 курс студенті, жетекшісі: Ынтықбаев Е.А.
Арыстанова Аяжан – І орын, 3 курс студенті, жетекшісі: Ынтықбаев Е.А.

Академия студенттерін шын жүректен құттықтап, оқуларында табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!

Жарайсың