• 21.05.2022

ҚазҰӨА-ның ректоры лауазымдық қызметіне Азамат Сатыбалды тағайындалды.

Авторkaznai

Feb 21, 2022

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры лауазымдық қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды тағайындалды. Академия ұжымына жаңа ректорды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев таныстырды. 

Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Танымал театр және кино актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 жылы), Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002), бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының актері.

1997 жылы қазіргі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясына түсіп, 2000 жылы Қостанай облыстық драма театрына дипломдық жұмысын қорғауға жіберілді.



2001 жылы диплом алып, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.

2018 жылдың 27 желтоқсанынан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып қызмет атқарды. 

Жаңа басшысының алдағы қызметіне табыс, үлкен серпін, тың бастамалар тілейміз! 

Приемная комиссия