• Wed. Oct 27th, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледжінің ПОҚ командасы 2021 жылдың 28 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында волейболдан өткен турнирде жүлделі III орынды иеленді.

Авторkaznai

Jul 2, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА және колледжінің ПОҚ командасы 2021 жылдың 28 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында волейболдан өткен турнирде жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, команда мүшесі Өтеулина Мадина үздік ойыншы атанды.

ҚР мәдениет ошақтары қатысқан жарыс ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік  академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұйымдастыруымен Кәкен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде өтті.

Бірінші орынды «Алатау» дәстүрлі өнер театры, екінші орынды Ғ.Мүсірепов атындағы ТЮЗ алды.  

Академия спортшылары кезекті рет өз шеберліктерін көрсетіп, спортта да теңдессіз көшбасшы екендігін дәлелдеді. Құттықтаймыз!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *