• 28.03.2024

Бюджеттік (магистратура) бос орындарды беру тәртібі бойынша конкурс жарияланады

Авторkaznai

Dec 31, 2021

«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысының 24-тармағына сәйкес

2021-2022 оқу жылының білім алу үдерісінде /магистратура/ босаған бюджеттік бос орындарды беру тәртібі бойынша конкурс жарияланады

Дайындық бағытыКурсБосаған бюджеттік орын саны
17М021-Өнер12
27М021-Өнер21

Конкурстық негізде босаған бюджеттік орындарға ақылы негізден ауысу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 1) ақылы негізде білім алушы ректордың атына алдағы уақытта бюджеттік негізде  оқуға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, транскрипт қоса тіркеледі; 

 2) конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімнің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- (“үздік”), одан соң А, А- (“үздік”), В+, В, В-, С+ (“жақсы”) бағалары бар, білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Приемная комиссия