• 29.03.2024

«ТЕАТР ӨНЕРІ» ФАКУЛЬТЕТІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

Авторkaznai

Apr 14, 2022

«ТЕАТР ӨНЕРІ» ФАКУЛЬТЕТІ АКАДЕМИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ

«Театр өнері» факультеті мен ғылыми-редакциялық бөлімнің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 13 сәуірінде сағат 12:00 де ғылым апталығының  аясында «Театр өнеріндегі инновациялық ізденістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Театр өнері» факультетінің деканы, PhD докторы – Елік Нұрсұлтан алғы сөзімен іс-шараны бастап, дөңгелек үстелдің жүргізуші-модераторы «Сахна тілі» кафедрасының аға оқытушысы Асылбек Ихсанов баяндамашылармен таныстырып өтті.

Кеш аясына шақырылған баяндамашы-қонақтар:

  1. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Рахимов Әубәкір Сыдықұлы
  2. Ш.Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясының деректі фильмдер басшысы, кино режиссері Жетіруов Жанабек
  3. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сахна пластикасы және дене тәрбиесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Кулбаев Аман Бекенович
  4.  «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының доценті Масалимова Минура Ахманжановна
  5. «Драма театрының режиссері» мамандығының 4 курс студенті Құлахметова Альбина
  6. «Драма театрының режиссері» мамандығының 4 курс студенті Заханова Арухан

Аталмыш шараға факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, магистранттары мен студенттері қатысып,өз тақырыптарына байланысты өз ойларын ортаға салып, зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдарын жасады. «Жеке ән салу» кафедрасынан профессор-оқытушылар Сапаргалиева Г.Г., Қарамолдаева Г.Ж., Уашев Д., Жүніс М., Сапарова Ш., Қожанұлы Т., «Сахна тілі» кафедрасынан Наремгенова А., Абенова А. т.б. ұстаздар қауымы  баяндама барысында белсенділік танытты.

Өткізілген іс-шараның соңы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халыков Қабыл Заманбекұлының қорытынды сөзімен аяқталды.

Приемная комиссия