• 29.03.2024

«Тұғыры биік – Тәуелсіздік!»

Авторkaznai

Sep 10, 2021

Бүгін академиямыздың «Өнертану» факультетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» атты жалпы факультеттік тәрбие сағаты өтті. Аталмыш шараны факультет деканы Меруерт Болатқанқызы құттықтау тілегімен ашып, аға оқытушы Динара Бөрібаеваға тізгінді ұсынды. Тәрбие сағатына факультеттің оқытушылары, курс жетекшілері мен студенттері қатысып, Тәуелсіздікке арнауларын ұсынып, өлең оқыды. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарындағы театр, кино, драматургия және бейнелеу өнерінің отыз жылдық тарихына шолу жасалып, даму белестері мен жаңалықтары туралы баяндамалар жасалып, презентация көрсетілді.

Qazaqstan30
Приемная комиссия