• 29.03.2024

31-мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Авторkaznai

Jun 1, 2021

Бүгін, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті. Жиналғандар саяси қуғын-сүргін құрбаны болған, қоғам қайраткері Т.Қ. Жүргеновтің ескерткіші алдында гүл шоғын қойды. Шараға білім ордасының ректоры – Ақан Абдуалиев, жүргеновтанушы ғалым – Айгүл Садықова, өнертану кандидаты, профессор – Аман Құлбаев, өнертану кандидаты, театртанушы – Амангелді Мұқан, БАҚ өкілдері және академия ұжымы қатысты.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап, 31 – мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып аталып келеді. 1925 жылдары Голощекин «Кіші Қазан» төңкерісін қолдан жасап, ұлт-зиялыларын «ұлтшыл» деген айыппен темір торға тоғытып, кезекпен кезек ату жазасына кесіп жатты. Репрессияның құрбанына айналған ұлылардың әрқайсысы қайсарлықпен елі үшін соңына дейін күресті. Соның бірегейі – Т.Қ.Жүргенов. Небәрі 39 жасында Кеңес Одағының қанды шеңгеліне ілінген тұлға, ұлтын, елін, жерін шексіз сүйді деп нық сеніммен айта аламыз. Ол кісі – Қазақстанның әдебиет, мәдениет, өнер саласының ғана талантты өкілі емес, елдің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Өмірінің соңына дейін қазақ еліне адал қызмет етіп, халық алдында үлкен беделге ие болды. Өзі өмірден ерте өткенімен атқарған ісі, жасаған қызметі, ел болашағы үшін сіңірген еңбегі ел жадында сақталады»,-деді ректор.

Т.Қ.Жүргеновтің есімін ұлықтап, жастардың санасына сіңіріп, жадында қалдыру мақсатында студент, магистрант-докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын осы кісінің есімімен байланыстырып отырамыз. Жүргенов мұрасын зерттеу әлі де тоқтамайды. Биыл пандемия жағдайынан аман-есен шықсақ, Өзбекстанға барып, мұрағат қорынан қоғам қайраткеріне қатысты тың деректер жинап қайту ойымда бар. Себебі, Жүргенов отбасымен Ташкент қаласында 10 жылдай тұрып, сол елде қызмет еткен. Бірте-бірте жүргеновтанудың аясы кеңейу үстінде»,– дейді жүргеновтанушы, Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті Айгүл Садықова.

Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылған.

Приемная комиссия