• 19.04.2024

«Жол қадірін жолаушы ұғады…» атты авторлық гобелендер көрмесі өтті.

Авторkaznai

Sep 13, 2022

Бүгін академия галереясында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей өнер академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі,  PhD доктор  Мұқанов Малик Флоберұлының 50 жылдық мерейтойына арналған «Жол қадірін жолаушы ұғады…» атты авторлық гобелендер көрмесі өтті.

Малик Флоберович, PhD докторы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Ресей Көркемсурет академиясының құрметті мүшесі (Мәскеу), 25 жылдан астам өмірін өнерге арнаған танымал суретші.

Көрмеде оның шеберханасында соңғы жылдары жасалған қолдан тоқылған өнер туындылары көрсетілді.

Сондай-ақ, көрмеде белгілі өнертанушы, өнер тарихшысы – Барманқұлова Баян Кәрібайқызы мен Қазақстанның белгілі өнертанушысы Жұмағұлова  Мария Төлегенқызы келіп, өз құттықтауларын айтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия