• 28.03.2024

Мың Алғыс

Авторkaznai

Mar 1, 2023

Әлеуметтік – тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімнің қолдауымен белсенді студенттерден құралған “ONER COLLAB” ұжымы АЛҒЫС АЙТУ мерекесіне орай “МЕЙІРІМ” пансионатындағы қарттарымызға қуаныш сыйлап қайтты.

Oner collab ұжымы алғашқы жобасын қайырымдылықтан бастауды жөн көрді.
Көп жасаған қария –
Ақылы теңіз дария демекші,
“1 наурыз алғыс айту” күніне орай Әлеуметтік тәрбие жұмыс және жастар саясатының қолдауымен Oner collab қарттар үйіне барып ,қазыналы қарттарамызға өз алғыстарын білдірді. Көңілді концерттік бағдарламаласын қойып,қарттарымызға көңіл-күй сыйлап,қуантып қайтты.
Ақылды қария,ағып жатқан дария. Қарияларымыз өз кеңестерімен бөлісіп,ұжым мүшелеріне алғыстарын білдірді.

Алғыс айту-жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет.
Жүректеріңізді жылулыққа толтырып,барлық күнімізді алғыс айтумен бастайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия