• 29.03.2024

“Z буыны: мифтер, коммуникация модельдері, қауіпсіздік”тақырыбында Stand-up Science ғылыми жекпе-жегі өтті.

Авторkaznai

Feb 22, 2023

Жыл сайын “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасы өткізетін Ғылым апталығы аясында 2023 жылғы 22 ақпанда “Z буыны: мифтер, коммуникация модельдері, қауіпсіздік”тақырыбында Stand-up Science ғылыми жекпе-жегі өтті. Stand-Up Science ғылыми жекпе-жегі форматында қатысушылар ғылыми постулаттарды, өзекті ғылыми мәселелерді қарапайым, қолжетімді және креативті түрде түсіндіруі тиіс.

Байқауға “Кескіндеме, мүсін және дизайн”факультетінің 2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар z буынының тұжырымдамасы (дыбыстық сигналдар), ұрпақтар арасындағы айырмашылықтар, гаджеттерге тәуелділік, Интернетке тәуелділік, блогерлік деген не, тик-токтың өзектілігі мен танымалдығы сияқты мәселелерді қамтыған баяндамалар дайындады.

Құрамында кафедра педагогтары бар қазылар алқасы ғылыми компонент, тақырыпты ашудың қол жетімділігі, материалды ұсынудың өзіндік және креативтілігі сияқты үш критерийге назар аудара отырып, қойылымдарды бағалады.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия