• 29.03.2024

Патриоттық әндердің вокалдық байқауы өтеді

Авторkaznai

Окт 26, 2021

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 20 қазан мен 20 қараша аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отаным – бақ мекенім» атты патриоттық әндердің вокалдық байқауы өтеді.

Конкурстың мақсаты – республиканың арнайы оқу орындары мен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды күшейту және нығайту. Сондай-ақ тематикалық әндер мен вокалдық шығармашылық арқылы патриотизмді насихаттау.

«Отаным – бақ мекенім» патриоттық әндердің музыкалық вокалдық байқауына еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері солист немесе ұжым мүшесі (дуэт, трио, топ) ретінде қатыса алады. Конкурстық шығармалар поп, джаз, рок, халықтық вокал, академиялық вокал, мюзикл, аралас жанрларда, түпнұсқалы өңдеуде немесе авторлық оқуда, сондай-ақ кавер-нұсқада орындалуы мүмкін.

Приемная комиссия