• 29.03.2024

«Қазіргі заманғы ядролық қарусыздандыру мәселесі»

Авторkaznai

Янв 23, 2022

2022 жылдың 21-ші қаңтар күні Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімі студенттер  арасында «Қазіргі заманғы ядролық қарусыздандыру мәселесі» тақырыбында ZOOM (онлайн) арқылы пікірталас өткізді. Дебат негізгі ережелерге сүйене отырып, тақырыпты жақтау және даттау топтары арасында интеллектуалды деңгейде өтті. Дебатқа қатысқан топтар логикалық және сыни тұрғыдан көзқарастарын білдіріп, қоғамның болашақ көшбасшылары ретінде білікті де білімді мамандардың қалыптасып жатқандығын көрсетті. 

Дебаттың басты мақсаты – жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, сыни және шығармашылық ойлау қабілеттіліктерін дамыту. 

Дебатқа Назарова Рано (Өнертану факультеті, 3-курс), Кабакбаева Гүлханым (Музыкалық театр артисі, 2-курс), Әбиева Аманкуль (Балетмейстерлік өнер, 2-курс), Амантай Санат (Халық аспаптары, 2-курс), Маулитов Алдияр (Музыкалық өнер, 2-курс), Нурмагамбетова Медина (Педагог хореограф, 3-курс), Мухамедиярова Зухра, Смоленская Дарья (Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, 3-курс) сынды студенттер белсене қатысты. 

Жақтау тобы ядролық қарудың пайдалы тұстарын, өндірісте қолдану жолдарын алға тартты. Жаңа ғасырда атом ядросы туралы ғалымдардың біршама ғылыми жетістіктерге жетіп, экономика, техника жəне ғылымның басқа салаларымен байланысып, даму үрдісі жүріп жатқандығынан хабардар етті. Ғалымдар мен зерттеушілері уақыт өткен сайын ядролық қарудың құпиясы туралы жаңалық ашып зерттеуді жалғастырып келеді деген көзқарасты ұстанды. Даттау тобы болса атом бомбасы бүкіл тіршілікті жоятын өте қауіпті құрал екенін,  адам денсаулығына, жалпы тіршілік атауына зор қатер туғызатынын айтты. Қазақ жерінде болған ядролық қарудың жарылысы туралы кеңінен талқыланып, себебі мен салдары, нәтижесі туралы сөз болды. Қаншама қандастарымыздың өмірін жалмаған ядролық қаруды мүлдем жою туралы мәселелерді шешу жолдары туралы пікірді берік ұстанды.   

Дебатқа Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Абзал Қуанышұлы, Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы Бауыржан Байділдә, Музыкалық өнер факультетінің деканы Зульфия Касимова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметтің басшысы Әнуар Әскербек және Тәрбие және жастар саясаты жөніндегі бөлім басшысы Нұрлан Сағынаев қатысып, сарапшылық жасады. 

Студенттер «Қазіргі заманғы ядролық қарусыздандыру мәселесі» тақырыбын терең зерттеп, өз ойларын ортаға салып, заманауи жастардың көзқарастарын нақты білімге сүйене отырып көрсете білді.

Приемная комиссия