• 29.03.2024

«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ»

Авторkaznai

Фев 19, 2022

18 ақпан күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Кездесу Zoom платформасында online форматта 
Алғы сөз Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бойынша проректор Абзал Қуанышұлына берілді. – ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ… Ахмет Байтұрсынұлы – қыры мен сыры мейлінше мол адам. Ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, мемлекет қайраткері, соныдан із салған жаңашыл ағартушы.

Ұлттың Ұлы Ұстазы қалдырған бай мұрасын жаңа қырларынан зерттеп жүрген бүгінгі ғалымдардың, ізденушілердің басқосуы – үлкен мәнге ие іс-шара. Ұлыны зерттейік, зерделейік, ұлағатты еңбектерін еске сақтап, ұрпақтарға жеткізейік,- дей келе, сапалы, табысты сұхбат болатынына сенім білдірді.
Дөңгелек үстел ойталқымен жалғасты. Іс-шараға жоғарғы оқу орындарының ұстаздары қатысты. Қорытынды сөз «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к., Әлия Шарабекқызы Әлімжановаға тапсырылды.

Приемная комиссия