• 28.03.2024

«Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен»

Авторkaznai

Ноя 23, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Музыкалық өнер факультеті, Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының 1-курс студенті Жасұлан Өтемұратовты «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» атты II Республикалық жыр-терме, дәстүрлі ән орындаушылар байқауында II орынды иеленуімен құттықтаймыз!

Нұржан Наушабайұлы атындағы байқау Тобыл қаласындағы “Алтын дән” мәдениет үйінде өтті. Ақын шығармашылығын әйгілеуге, өміршең туындыларын насихаттауға арналған байқауды облыстық Мәдениет басқармасы ұйымдастырды.

Өнерді жанына серік еткен дарынды өнерпаздар елдің түкпір-түкпірінен жиылды. Тыңдармандардың құлақ құрышы қанып, көңіл құрысы жазылып, ұлт өнерінен сусындаған кеште Алматы қаласының намысын қорғаған Жасұлан Өтемұратовқа 2-орын бұйырды.
Жетекшісі – Шолпан Даржанова, доцент.

Алдағы уақытта шығармашылық шабыт, кәсіби өрлеу тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!

#Жарайсың

Приемная комиссия