• 28.03.2024

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Академияға Нұр-сұлтан қаласының №70 орта мектебінің бір топ мұғалімдері келіп, осы мектепке аты берілуі жоспарланған Т.Қ. Жүргеновтің өмірі мен қызметі туралы материалдармен танысты. “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының оқытушысы доцент А.Е. Садықова Т.Жүргенов туралы жинақталған мұрағаттық дереккөздер, стендтерді, мұражай материалдарын көрсетті, профессор С.А. Ұзақбаевамен бірігіп жазған өз кітабын, дизайнерлік өңдеуден өткен иллюстрацияларды сыйға тартты.

Т.Жүргеновтің барлық мақалалары, ол туралы кітаптар, ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан зор үлесі туралы баяндайтын деректі фильмдер, презентациялар мен басқа да материалдар электронды форматта берілген.Академияның Ғылыми кітапханасы Т.Жүргенов туралы кітаптар мен фильмдердің, газет және журнал материалдарының тұрақты көрмесін көрсетті. “Кескіндеме, мүсін және дизайн” факультеті Т.Жүргеновтің мектепте мұражай бұрышын жасау бюстін сыйға тартты. Алдағы уақытта Т.Жүргенов есімін алған білім беру мекемелерімен ғылыми байланыстар жалғаса береді.

Приемная комиссия