• 19.04.2024

“ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ”

Авторkaznai

Мар 1, 2023

Ағымдағы жылдың 01 – наурыз “ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ” күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Алматы қала көлеміндегі өтілетін дәстүрлі сейсможаттығуы өткізілді.

Оқу жаттығуын өткізгендер Академияның азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Абуов Н.М., ректор аппаратының басшысы Балжанов Д.Б. , Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер А. Ақылбек
Жаттығуда азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жаттығудың келесі кезеңі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралармен ұласты. Айрықша жағдайлардағы іс-әрекеттерге қорғаныс тәсілдері мен құралдары, оқу-жаттығулары ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өткізу өз жалғасын таба бермек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия