• 28.03.2024

“Ұмытпаймыз. Мақтан тұтамыз. Құрметтейміз”: Академия ұжымы патриоттық акцияға қатысты

Авторkaznai

Апр 18, 2022

18 сәуір – ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық кеңес ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік ескерткіштер мен тарихи орындар күні.

Атаулы күнге орай, Алматы қаласының Алмалы ауданында жыл сайын “Ұмытпаймыз. Мақтан тұтамыз. Құрметтейміз” атты патриоттық акциясы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Өнердің киелі ордасы – Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы да аталған акцияға қатысып, белсенділік көрсетті. 

Академиямыздың «Кино және ТД» факультеті, Шығармашылық бөлімі, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлім ҚР «Ардагерлер ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Алмалы аудандық филиалымен бірге «Алматы» қонақүйінің аумағында орналасқан Шәкен Аймановтың ескерткішіне тағзым етті.

«Кино және теледидар» факультетінің деканы Гульнара Амангельдиновна режиссер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Приемная комиссия