13-15 қарашада Ресей театр өнері институты — ГИТИС және Ресей Ғылым академиясының Тіл білімі институты (Мәскеу, Ресей) бірлесіп «Тіл және би. Би тілі» конференциясын өткізді. Конференция жұмысына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰАИ «Хореография» факультетінің «Балетмейстер өнері» кафедрасының профессоры Дмитрий Валентинович Сушков қатысып, «Дуэтті-классикалық бидің лексикалық тіліндегі терминологияның кейбір аспектілері» атты тақырыпта теориялық баяндама жасады.