Закрыть
13.09.2020

Еріктілер жылы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялаған болатын. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болған.

Олай болса, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Жүректен Жүрекке» ұйымының ерікті жастары жаңа оқу жылын да игі істерімен бастап кетті. Белсенді жастар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, арбаға таңылған мүгедек және зағип жандармен бірге уақыт өткізіп қайтты. Оларды серуенге шығарып, қолғабыстық етті.

Сондай-ақ, осындай жақсы істердің әрімен қарай жалғасын табуы үшін «Жүректен Жүрекке» еріктілер тобы Almaty volunteers ұжымымен кездесіп, меморандумға отыруға уәделескен.

Айта өтейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен құрылған «Мөлдір» қайырымдылық қорының пандемия кезінде таратқан азық-түлік қорабын көмекке мұқтаж жандарға жеткізген де ерікті жастардың күші болатын. Бұл жемісті нәтижелердің барлығы «Еріктілер жылының» өз бағдарын тапқанының айқын дәлелі іспетті.

#еріктілер_жылы
#2020