Закрыть
12.02.2020

Есенқұл Жақыпбековты еске алу кеші өтті

10 ақпан – ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, тұңғыш телевизиялық айтыстың жеңімпазы — Есенқұл Жақыпбековтың туған күні. Осыған орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы «Алпысқа қарай асықтың неге ғұмырым…» атты ақынды еске алу кешін өткізді.

Кештің шымылдығын «Ақ орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары Қанат Мұсақұлов ашты.  Артына өшпестей із қалдырған ақынның өнері қай кезде де лайықты дәріптелуі керектігін айтқан ол, осындай әдеби-кештің өткізілуіне атсалысқан Академия ұжымына алғысын білдірді.

Ал еске алу кеші Есенқұл Жақыпбековтың шәкірті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры – Ақан Абдуалиевтің орындауындағы ақынның  «Бақ пенен қызыр қонса да» толғауымен басталды.  

Еске алу концертінде Мейрамбек Беспаев, Бекжан Тұрыс, Саят Медеуов, Бағлан Әбдірайымов, Құдайберген Бекіш сынды эстрада және өнер жұлдыздары ақынның танымал әндерін орындап, көпшілікті тәнті етті. Естеріңізге сала кетейік, әдеби-сазды кештің өткізілуіне «Ақ орда» республикалық қозғалысының төрағасы, Қазақстан Республикасының «Ұлттық спорт түрлері» қауымдастығының президенті — Қайрат Сатыбалды ұйытқы болып,  демеушілік жасаған.