Закрыть
05.03.2020

«Саналы ұрпақ» проектілік офисі

26.02.2020 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» проектілік офисінің жоспары бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оның алдын алуға, болашақта мемлекетімізге адал, әділ қызмет жасайтын ұрпақ тәрбиелеп өсіру мақсатында кино және теледидар факультетінің, режиссура және өнер кафедрасының аға оқытушысы: Бекхожин Мұрат Камашевичтің ұйымдастыруымен режиссер және телевидение 3 курс студенттерімен ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақта, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор: Шоман Алмас Әбілқасымұлы, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның кино және теледидар факультетінің деканы: Мурсалимова Гульнара Амангельдиновна, кино және теледидар факультетінің арт менеджмент және продюсирование кафедрасының профессоры: Байбеков Айтқазы Нұрасылұлы, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» студенттер клубының жетекшісі, заң бөлімінің заңгері: Әнуар Әскербек Әбдірахманұлының қатысуымен өтті.

Сабақ барысында Шоман А.Ә., Мурсалимова Г.А., Байбеков А.Н., Әнуар Ә.Ә. өздерінің ой-пікірлерін бөлісіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп өсіру мақсатында жастарға өздерінің ақылдарын айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге қарсы иммунитет қалыптастыруға өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.