• 05.12.2021

«Сценография» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Сценография» кафедрасы
Білім беру бағдарламалары
Информация о научной школе Сценография

«Сценография» мамандығы бойынша мамандар дайындау 1978 жылдан бастап іске асырылып келеді; осы уақыт арасында Қазақстан мен шетелдер театрларында жемісті еңбек етіп жүрген 500-ден астам қоюшы-суретшілер, костюм суретшілері мен гримерлерді дайындап шығарды.

Кафедра ашылуының бастамасында ресейлік көркемөнерлік жоғары оқу орындарының түлектері Сүлеев Дүйсен Тоқбергенұлы, Тұяқов Есенгелді Жумағұлұлы, Аяпбергенов Амангелді Байтанатұлы тұрды.

Бірінші кафедра меңгерушісі профессор Д.Т.Сүлеев болды.

Әртүрлі жылдары кафедра меңгерушісінің міндетін «Қазақстан Республикасының өнер қайраткері», Абай атындағы МАОжБТ-ның бас суретшісі, профессор Жаңбыршиев Орынбасар Жексенұлы;  философия ғылымдарының докторы, профессор Халықов Қабыл Заманбекұлы атқарды.

Бүгінгі күнде болашақ театр суретшілеріне шеберлік құпияларын ашу жұмысына белгілі театр суретшілері: «ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері», II-ші дәрежелі «Құрмет» орденінің иегері Е.Ж.Тұяқов; «ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері», профессор О.Ж.Жаңбыршиев; философия ғылымдар докторы, профессор Қ.З.Халықов; өнертану докторы, профессор Қаржаубаева С.К.; аға оқытушылар – М.Ю.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының костюм суретшісі Возженникова Л.В., Наймантаева М.Т., Абишева Р.А., Баймуханова Ж.А., Ашинов Р.Б., Бейсембекова Б.Е. еңбек етуде.

Гримёр-суретшілерді дайындау ісіне профессор Щербаков Виктор Алексеевич, доцент Медведева Людмила Петровна баға жетпес үлес қосты. Қоюшы-суретшілерді дайындау жұмысына – М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының бас суретшісі Ақбаев Құрбан Нұртазаұлы,  Мусабалинов Ерлан Ақылбекұлы, Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрының бас суретшісі Мамединова Гузель Аббасовна, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай қазақ драма театрының директоры  Сраилов Бахыт Бекмурзаұлы, сонымен қатар басқа да замануи, тарихи, дәстүрлі театр саласында театр сәндеу, костюм және грим жасау өнерінің теоретиктері мен практиктері үлкен үлес қосты.

Кафедра түлектері республикамыздың театрлары,  кино, телевидение, шығармашылық бірлестіктер, оқу орындарында еңбекті жұмыс атқаруда. Кафедраның көптеген түлектері шет елдерде жұмыс атқарады: Қытай Халық Республикасында, Ресей Федерациясында, Германияда, Израильде, Канадада, Өзбекстанда, Қырғыстанда, Ауғаныстанда.  

Бүгінгі күнде кафедра театр-cәндеу өнері саласында жоғары білікті мамандар дайындау ісінің белгілі көсбасшысы болып табылады, және де өзінің жоғары арнайы білім беру саласын жетілдіру, профессорлық-оқытушылық құрамының шығармашылық және ғылыми өсу, сценограф-мамандар дайындау салаларында елеулі нәтижелерге жеткендігін, жалпы Қазақстанның сценографиялық ұлттық көркемөнер мектебін тұрақты дамыту жолындағы жетістіктерін мақтан тұтады.