«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы.
Тәрбиелік шара: «Театр – өнер ғибадатханасы».
Мақсаты: Студенттердің театрға деген қызығушылығын оятып, эстетикалық тәрбие арқылы шындық болмысты қабылдауы мен адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Ұйымдастырушы: доцент Сарсембаева Аида Жағфарқызы.
2024 жылдың 25 қыркүйегінде Театр өнері және Хореография факультеттерінің 2 курс студенттері гастрольдеп келген М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының Н.В. Гогольдің пьесасы бойынша қойылған “Женитьба” атты спектаклін тамашалады. Студенттер ұлы классиктің заманауи интерпретациясын қызығушылықпен қабылдады.