Закрыть
13.09.2020

Қандай кезеңде өмір сүрсек те, ҚР Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Білім – кітапта». Көреген көшбасшы: «Кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады», — деген.

Қандай кезеңде өмір сүрсек те, ҚР Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Білім – кітапта». Көреген көшбасшы: «Кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады», — деген.

Ендеше, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ілім іздеген шәкірттері үшін сүйінші жаңалық! Кітапханамыз су жаңа кітаптармен толықты. Өнердің сан саласын қамтыған кітаптар – көбіне шетелдік танымал жазушылардың бестселлерге айналған туындыларының аудармаларынан тұрады.

Ана тіліне сауатты аударылған, сапаға мән беріле отырып басып шығарылған. Ең бастысы, білікті мамандардың талқылауынан өтіп, оқырманға жол тартып отыр. Мәселен, Кристофер Балмның «Театртану» кітабының аударма нұсқасы Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Өнертану факультетінің Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасында талқылаудан өткен. Өнертану докторы, профессор Нұрпейіс.Б.К., өнертану кандидаты, доцент Жақсылықова М.Б. пікір жазған.

Өзге де кітаптарға да академия ұстаздарының еңбегі сіңді. Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның Кино және телевизия факультеті, Кино тарихы мен теориясы кафедрасы, Экрандық өнер режиссурасы кафедрасы және т.б. академия ұжымының үлесі зор. Пікір жазған ұстаздар қатарында өнертану докторы, профессор Күзембаева С.Ә., өнертану докторы (PhD) Нөгербек Б.Б., өнертану докторы (PhD) Айдар.А.М., өнертану кандидаты, доцент Мұрсалимова Г.А., кинотанушы, профессор Наурызбекова К.К. бар.

Айта өтсек, академия карантиндік жағдайды да ескерусіз қалдырмады. Шәкірттердің қашықтан білім алуы үшін бар-жоғы 2 айдың ішінде 5000-ға жуық кітапты электронды нұсқаға көшіруді жоспарға қойды. Осылайша, білімге құштар жастар еш кедергісіз оқулықтарға қол жеткізе алады.