Закрыть

Табиғаттың жаңғырып, жаңаруымен бірге келетін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Наурыз — ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Елбасымыз халыққа үндеуінде «Кемедегінің жаны бір», — деп айтқандай бірлігіміз баянды, рухымыз асқақ болсын. Қаншама қиындықтарды басымыздан өткерген елміз, бұл қиындықты да еңсереді деп сенеміз. Отанымыздың іргесі аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз кемел болсын.

Әр отбасына бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз.

Ізгі ниетпен:
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы