• 29.03.2024

Еліміздің болашағын сақтаудың кілті – рухани жаңғыруда екені анық.

Авторkaznai

Қар 8, 2021

Құрметті оқырман! Еліміздің болашағын баянды етіп сақтаудың кілті – рухани жаңғыруда екені анық. Кітапты жанымызға серік ету арқылы осы көздеген межемізге  жете аламыз. Ендеше, кітапхана ісін қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі болып табылатындығын ескере отырып, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының әлі де жалғасын тауып келе жатқандығын хабарлайды.

2021 жылдың қазан айында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен ғалым, әдебиеттанушы, педагог Есенжан Алихан Хамзаұлының 70 жылдығына арналған «Өз дәуірінің ерен тұлғасы» тақырыбында республикалық деңгейде  дөңгелек үстел өткізілді.  Осы дөңгелек үстел жұмысына қатысқан Қазақстанның көрнекті ғылым және қоғам қайраткерлерінің  ұсынысымен кітапханаға Есенжан Алихан Хамзаұлының «Эстетический идеал и поэзия Абая», «Магия художественного слова», «Судьбы таинственная нить» шығармаларын кафедра оқытушылары «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында тарту етті.

Сонымен қатар аталған акция аясында және пән бойынша оқу материалдарының қорын толықтыру мақсатында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары филол. ғ. к., доцент Алдабергенова Гульнара Дильдахановна, доцент Айткулова Жаныл Бокеевна «Театр өнері» және «Режиссура»  білім беру бағдарламаларына  арналған «Профессиональный русский язык» (2020, 2021 ж.ж.) атты оқулықтарын тарту етіп, кітапхана қорын толықтырды.

Білім ордасына кітаптар мен оқулықтарды сыйға тартқаны үшін «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушыларына алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия