• 29.03.2024

«Жаһандық заманауи өнердің даму контекстіндегі Асанәлі Әшімовтың шығармашылық жолы»

Авторkaznai

Сәу 14, 2022

Бағдарламасы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2022 жылдың 20-сәуір күні Қазақстанның еңбек ері, Қазақстан және КСРО халық артисі, КСРО және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, театр педагогы, профессор Асанәлі Әшімұлы Әшімовтың 85 жасқа толуына орай «Жаһандық заманауи өнердің даму контекстіндегі Асанәлі Әшімовтың шығармашылық жолы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Бұл конференцияға шетелдік және отандық танымал ғалымдар, қоғам және өнер қайраткерлері шақырылып отыр. Конференцияға магистранттар, докторанттар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, өнертанушы ғалымдар қатыса алады.

Конференция төменде аталған бағыттарда жұмысын жасайды:

1.  Заманауи театр өнерінің өзекті мәселелері;

  • Кино өнеріндегі инновациялық үрдістер.

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

Баяндамалар мен мақалалар 2022 жылдың 15 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне theatrefac2019@mail.ru поштасына жолдануы қажет. Конференция жұмысына қабылданған мақалалар жинақ болып басылады.

Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетімен алдын-ала хабарласқаны жөн.

Конференцияның пленарлық мәжілісі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында 20-сәуір сағат 11.00 де басталады.

Ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 127. Тел: 8702 268 15 05 –

Нұрсұлу Жаманбаева, 8778 621 94 91 – Мадияр Сарыбай.

E mail: theatrefac2019@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті

Мақалаға қойылар талаптар

Қаріптің өлшемі – 12, қаріп – Times New Roman, интервал – бір, абзац шегінісі – 1 см, шеттері: жоғары және төменгі – 2 см, солға және оңға – 2 см.

Мақала құрылымы:

Мақала тақырыбы қалың қаріппен, кіші әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады.

Автор туралы мәлімет:

Мақаланың авторы (авторлары) – аты-жөні, тегі, жұмыс орны (ұйымы), қаласы, елі, телефон нөмірі, электрондық поштасы. Автор туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады.

Мақаланың атауы 3 тілде

Аннотация 100-150 сөз – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Түйін сөзде р (5-7 сөз) – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Негізгі мәтін – 5-6 бет көлемінде болуы тиіс.

Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Қатысу жөніндегі өтініште төмендегідей мәліметтер болуы керек:

  1. Аты-жөні.
    1. Ғылыми дәрежесі.
    1. Жұмыс орны.
    1. Баяндама аты.
    1. Мекен-жайы, E mail, телефоны.
Приемная комиссия