• 20.04.2024

1 қыркүйек – Білім күні!

Авторkaznai

Қыр 1, 2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Білім күні шын мәнінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналды. Оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін 1 қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.

Бүгінде еліміздегі барлық білім ордасы оқушылар мен студенттерге есігін айқара ашты. Бұл барша жанның көңілін толқытқан ерекше сәт деп білеміз.

Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық-саулық тілейміз. Академия табалдырығын алғаш аттаған студенттерге сәттілік жолдас болсын! Мереке құтты болсын!

Приемная комиссия