Закрыть
09.01.2020

2019 жыл желтоқсан айының 26 жұлызында сағат 14:00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша «Таза сессия» сыбайлас жемқорлықпен күресу шарасы аясында экзамен билеттері конверті бақылаумен ашылды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

ХАТТАМА

2019  жыл желтоқсан  айының  26 жұлызында сағат 14:00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Саналы  ұрпақ» жобасы бойынша «Таза сессия» сыбайлас жемқорлықпен күресу шарасы аясында экзамен билеттері конверті бақылаумен ашылды.

Комиссия мүшелері:

  1. Рахимов Аубакир Сыдыкович – актер шеберлігі және режиссура кафедрасының меңгерушісі м.а.
  2. Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес «Саналы ұрпақ» проектісі бойынша  ҚазҰӨА-жетекшісі, Заң бөлімінің заңгері

Жиналыс тақырыбы.

         Мемлекет басшысы саясатының арқасында Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимылдың түбегейлі жаңа моделін іске асыруда. Бұл процесс «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда: сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейінде танытатын және мемлекет пен қоғамға осы жағымсыз құбылысқа қарсы күресте күш-жігерді біріктіруге бағытталған мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, Бес институционалдық реформа және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары. Бұл құжаттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жүйелік жағдайларын және кез келген көріністеріне қоғамдағы төзімсіздікті қалыптастыруды қарастырады.

 Мемлекеттің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ерекшелігі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ерекше назар аудару. Алғаш рет превентивті институттар енгізілді – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, талдау және жою. Сыбайлас жемқорлықтан абсолютті бас тарту ахуалын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы халыққа білім және тәрбие беру бойынша кешенді шаралар іске асырылуда.   Осы шара барысында ҚазҰӨА-да тоқсандық бақылау кезінде жемқорлықтың алдын алу үшін билеттер тексеріліп, бірнеше адамның бақылауы арқылы экзамен сұрақтары бар конверт ашылды.

Бірте-бірте қоғамдағы жемқорлықты жоюдың ең жақсы жолы ерте алдын алу, тиімді диагноз қою және кешенді емдеу.

Қабылданған шаралардың арқасында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.