Закрыть
13.01.2020

2019-2020 оқу жылының білім алу үдерісінде / бакалавриат / босаған бюджеттік бос орындарды беру тәртібі бойынша конкурс жарияланады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысымен бекітілген ««Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының» 24-тармағына сәйкес

2019-2020 оқу жылының білім алу үдерісінде / бакалавриат /

босаған бюджеттік бос орындарды беру тәртібі бойынша

конкурс жарияланады

мамандық 2 курс
1 5В040600 Режиссура /драма театрының режиссурасы/   1

Конкурстық негізде босаған бюджеттік орындарға ақылы негізден ауысу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 1) ақылы негізде білім алушы ректордың атына алдағы уақытта бюджеттік негізде  оқуға өтініш береді  /24 кабинет/. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, транскрипт қоса беріледі; 

 2) конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімнің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік»), В+, В, В-, С+ («жақсы») бағалары бар, білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Ескеру: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес 2019 жылғы 01 қаңтардан бастап әріптік жүйедегі «С+» бағасы дәстүрлі жүйе бойынша «Жақсы» бағасының баламасы болып табылады.