Закрыть

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 Қаулысымен бекітілген ««Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының» 24-тармағына сәйкес

2019-2020 оқу жылының білім алу үдерісінде /магистратура/

босаған бюджеттік бос орындарды беру тәртібі бойынша

конкурс жарияланады

Мамандық 1 курс
1 М029-Режиссура 7М02106 –Драма театрының режиссурасы
2 М034-Актерлік өнер 7М02139 – Музыкалық театр актері

Конкурстық негізде босаған бюджеттік орындарға ақылы негізден ауысу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

 1) ақылы негізде білім алушы ректордың атына алдағы уақытта бюджеттік негізде  оқуға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, транскрипт қоса беріледі; 

 2) конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімнің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- («үздік»), одан соң А, А- («үздік»), В+, В, В-, С+ («жақсы») бағалары бар, білім алушылар басым құқыққа ие болады.