Закрыть

Мамырдың 21-күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Жылқышыбайұлы Абдуалиев Zoom платформасы арқылы мектеп-интернат,колледж, академия ұжымын мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесімен құттықтай отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың құттықтау хатын оқыды.
Мерекеге орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен академияның қызметкерлері — Гюльназ Гуламдуловна Бахарова, Айгүл Атымтайқызы Хәкімжанова, Алтынбек Қалманұлы Өмірзақов, Шолпан Жаркеткенқызы Даржанова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен — Эдвард Айтқазыұлы Құлбаев, Әсия Мұхаметқызы Досмұхамбетова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен — Райхан Айтқожанова, Ирина Григорьевна Козлова, Айкерім Тұрлыбекқызы Тазабекова, Қайрат Қанатұлы Смахановтар марапатталды.
Сондай-ақ, мектеп-интернат, колледж, академияның профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері ректордың арнайы Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.