• 29.05.2023

Азамат Сатыбалды


Азамат Сатыбалды

Туған кезі: (күні, айы, жылы): 02.11.1977 ж.

Туған жері: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.


2000 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр және кино актер» мамандығын тәмамдаған.

2000-2001 жж. дипломдық жұмысын қорғауға орай, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына жіберіледі.

Еңбек жолы:

  • 2001 ж. бері М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет атқарады.
  • 2018 жылдың 27 желтоқсаннан бастап Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып тағайындалды.
  • 2022 жылдың 21 ақпанынан бастап Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

Сахнадағы негізгі рөлдері:

Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» – Айдар, «Қарагөзінде» – Нарша, «Еңлік-Кебегінде» – Кебек, «Қилы заманында» – Хлыновский, Д.Исабековтің «Жау жүрегінде» – Долгоносов, Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» – Қозы, Т.Нұрмағамбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» – Түрікмен, «Ескі үймен қоштасуында» – Доскел, И.Сапарбайдың «Қыз мұңында» – Ғазиз, Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» – Коля, Т.Әбдіктің «Ардагерінде» – Ұлы, Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарысында» – Бейбарыс, Ж.Ерғалиевтің «Қас-қағымында» – Дәрігер, И.Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» – Қорқыт, Қ.Мұраттың «Бақыттың кілтінде» – Бауыржан;

Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:

У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Тибальт, «Гамлетінде» – Гамлет, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» – Эгмонт Клаузен, Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» – Фархад, М.Байджиевтің «Қылмысында» – Сағын, А.Володин «Қоштасқым келмейдіде» – Митя Лавров, А.Чехов «Сүйікті менің ағатайымда» – Войницкий;

Кинодағы рөлдері:

«Қарсы тексеріс», «Томирис», «Жұлдыздар тоғысқанда», «Дорога домой», «Рекитер-2», «Возмездие», «Парыз», «Одноклассники», «Ғашық жүрек-2», «Жерұйық», «Бақсы», «Саранча», «Бір сен үшін», «Дәрігер Ахметова», «Қара шаңырақ» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда негізгі рөлдерді сомдады.

Мемлекеттік марапаттары:

  • 2002ж. «Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты»;
  • 2014ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»;
  • 2021ж. «Құрмет» орденінің иегері
Приемная комиссия