Close
01.04.2021

«Адам құқығы және құқықтық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

31 наурыз күні, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Театр өнері» факультеті «Жеке ән салу» кафедрасының ұйымдастыруымен «Адам құқығы және құқықтық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


⠀Академия профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Жұматай Махамбетов аталған жиынның бастамашысы болып, модератор міндетін де өзі атқарды.

Айта өтейік, шарада негізгі баяндамашы, студенттер мен педагогтарға тақырып төңірегіндегі тың деректерді ұсынған Заң бөлімінің басшысы Гаухар Дәулетбекқызы болды.

Осылайша, шығармашылық маман иелері заң саласына қатысты біраз ақпаратқа қанық болды. Құқықтары мен міндеттеріне қатысты сұрақтарын қойып, маманнан жауап алды.