Close
04.12.2019

БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР ЕУРАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚОРЫНЫҢ ШӘКІРТАҚЫСЫН АЛАДЫ

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 2 студенті Еуразиялық Мәдениет қорының шәкіртақысын иеленді. Эстрадалық өнер факультетінің дарынды студенттері Ләззат Айтпаева және Махмут Нұрахмет енді қордың қолдауымен шәкіртақылық негізде білімін жалғастырады.

Еуразиялық Мәдениет қорының президенті, қоғам қайраткері және меценат Ерұлан Қанапиянов академиямызға арнайы келіп, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚҰӨА ректоры Ақан Абдуалиевпен кездесіп, студенттерді марапыатымен құттықтады. Қос тарап алдағы уақытта да әріптестік және шығармашылық тығыз байланыста болуға уәделесіп, кездесу рухани әңгімеге ұласты.

Өздеріңіз білетіндей, Евразиялық Мәдениет қорының негізгі бағыттарының бірі – халықаралық және ұлттық сыйақы мен шәкіртақы тағайындау. Сонымен бірге дарынды жастардың шығармашылығын материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеп, мәдениет саласында түрлі қолдаулар көрсету.