Close
06.11.2019

Жазушы Рашида Стикеева Академия студенттерімен кездесті!

Бүгін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері «Таланттарды таныту» жобасы аясында жазушы, прозашы, драматург Рашида Стикеевамен кездесті.

Шығармашылық кездесу барысында автордың шығармашылығы жөнінде әңгіме қозғалып, оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.  Сонымен қатар, қатысушыларға арналған сыйлықтар ұтысқа салынды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, Алматы қаласы мен Академиямыздың шығармашыл жастары қатысты. Ондағы мақсат – әдебиеттің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген дарынды да қызықты шығармашыл тұлғаларды қазақстандықтарға таныту.