Close
30.04.2021

КӨҢІЛ АЙТАМЫЗ

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы ҚР Халық артисі, композитор, қазақ ән өнерінің мэтрі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиевтің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғырып көңіл айтады.

Ескендір Өтегенұлының “Атамекен”, “Әдемі”, “Асыл арман”, “Өмірімнің жазы”, “Ескірмеген махаббат” әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Ескендір Хасанғалиевтің репертуарындағы авторлық туындылары көпшілік бағасын алған. Композитор қазақ, қырғыз, орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне ән жазды. 200-ге тарта ән, роман, хорға бағытталған шығармалары өнер сүйер қауымның есінде.

Саналы ғұмырын қазақ өнеріне арнаған асыл ағаның бейнесі мәңгілік жүрегімізде.

Рухы пейіштің төрінде шалқысын!