• 09.12.2021

Халықаралық шеберлік сағаты

Авторkaznai

Oct 25, 2021

“Менің қазақ тілінде сөйлегім келеді: тіл үйренудің қырлары мен сырлары” атты халықаралық шеберлік сағаты

2021 жылдың 21 қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Тілдер апталығының аясында өткен  “Менің қазақ тілінде сөйлегім келеді: тіл үйренудің қырлары мен сырлары” атты халықаралық шеберлік сағатымызды кафедраның меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, профессор Әлімжанова Әлия Шарабекқызының құттықтау сөзімен бастап, ауқымды аудиториямен пікір алмасумен жалғасын тапты.

Шеберлік сағатымызға шетелдік және Қазақстанның ЖОО-ның оқытушылары, сонымен қатар еліміздің облыстық Тілдерді оқыту орталығының мамандары қазақ тілін меңгертуде өз тәжірибелерімен бөлісті. Тақырып аясында өзекті мәселелер қозғалып, академияның студенттерімен сындарлы сұқбат жүргізілді. Қатысқан қонақтар Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның басшылығына, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасына алғысын білдірді.

Шеберлік сағатымыздың қонақтары:

  1. Адам Мицкевича атындағы Познань университетінің  (Польша) оқытушысы PhD докторант Сүлеймен Дана,
  2. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы” КММ директорының орынбасары, гуманитарлық ғылымдар магистрі Айдана Махамбет,
  3. Қазақстан-Ресей медициналық университеті, «Тіл пәндері» кафедрасы оқу ісінің меңгерушісі, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Құлабаева Римма Тұрсынқызы,
  4. Абай атындағы ҚазҰПУ  Филология институтының аға оқытушысы, PhD докторант, “Үздік педагог – 2019” Абитова Жанар Сабетхановна,
  5. Нұр-Сұлтан қаласы Тұран-Астана университеті ф.ғ.к., доцент Нұрзия Әбдікәрімқызы.