• 05.12.2021

«Отаным-бақ мекенім» конкурсы

Авторkaznai

Oct 19, 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отаным-бақ мекенім» патриоттық әндердің вокалдық конкурсының ережесі

«Отаным-бақ мекенім» бұл патриоттық әндердің музыкалық вокалдық байқауы, оған еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

Өтініш

Конкурс туралы осы Ереже конкурсты өткізу тәртібі мен шарттарын, оның ішінде көрсетілген конкурсқа қатысу шарттарын, жеңімпаздарды анықтау тәртібін және конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен жүлделерді тапсыру тәртібін реттейді.

1. Мақсаты

«Отаным – бақ мекенім» (бұдан әрі – Конкурс) конкурсының негізі мақсаты:  

-Әуесқой немесе кәсіби деңгейде ән айтуды ұнататын және вокалмен айналысатындардың барлығына өз күштерін сынап көруге және музыкалық жобаға қатысудың ерекше тәжірибесін алуға, ән айту өнерін дамытуға мүмкіндік беру;  

-Өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беру;

-Республиканың арнайы оқу орындары мен жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды күшейту және нығайту;

-Тематикалық әндер мен вокалдық шығармашылық арқылы патриотизмді насихаттау.

2. Конкурсты өткізу мерзімі және қазылар алқасының талқылауы

Конкурс 2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында 3 кезеңде өтеді.

Конкурсқа қатысу өтінімдерін қабылдау: 20.10.21ж.-10.11.21ж.

Қазылар алқасының талқылауы және финалистерді іріктеу: 11.11.21ж.-17.11.21ж.

Финал: 20.11.21ж.

3. Конкурсқа қатысушылар

Вокалдық конкурсқа елдің бейінді емес арнайы орта оқу орны немесе жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінің кез келген студенті (музыка факультеттерінің студенттері қатыса алмайды) солист немесе ұжым мүшесі (дуэт, трио, топ) ретінде қатыса алады. Конкурстық шығармалар поп, джаз, рок, халықтық вокал, академиялық вокал, мюзикл, аралас жанрларда, түпнұсқалы өңдеуде немесе авторлық оқуда, сондай-ақ кавер-нұсқада орындалуы мүмкін.

4. Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысу үшін www.kaznai.kz сайтында өтінім толтырып, конкурсқа қатысушының деректерін көрсету қажет;

Өтінімге 17 қарашаға дейін қарау мүмкіндігі бар жанды дауыста айтқан видеонының сілтемесін (мүмкіндігінше youtube) қоса беру керек. Сахнада немесе үйде түсірілген әуесқой видеоға рұқсат етіледі;    

Конкурсқа тек жанды дауыста айтылған жазба қабылданады. Видеоның ұзақтығы 5 минуттан аспауы тиіс. Жазбада бір номер болуы керек; 

Вокалистер (соло) үшін жазылған немесе жанды БЭК-вокал мен Double-трекке рұқсат етіледі.

5. Байқаудың қазылар алқасы және бағалау критерийлері

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін кәсіби қазылар алқасы құрылады, оның құрамына вокал өнері саласындағы беделді мамандар, продюсерлер, дыбыс режиссерлері және әртістер кіреді.

Қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруі ашық болып табылады, оның қорытындылары www.kaznai.kz сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.

Қазылар алқасы өз жұмысында келесі критерийлерді басшылыққа алады:

-Орындаудың бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі;

-Вокалдық техника (интонацияның және орындаудың стилі, тазалығы);

-Драмалық шеберлік (орындау эмоционалдылығы);

-Шығарманы таңдау, оны Орындаушының органикалық жеткізуі;

-Конкурстық жұмысты ұсынудың үйлесімділігі мен мәдениеті. 

6. Конкурс жеңімпаздарын және жүлделерді анықтау тәртібі

Байқаудың жоғары марапаты – «Отаным – бақ мекенім» байқауының жеңімпазы (1 орын) дипломмен, кубокпен және 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады. 

Жүлделі орындар – 2 орын (диплом және 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық) және 3 орын (диплом және 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық)

Ынталандыру сыйлықтары – 3 (диплом)

Сондай-ақ:

Барлық қалған қатысушыларға қатысқаны үшін диплом беріледі

Өтінімде көрсетілген педагогтар мен концертмейстерлерге алғыс хат беріледі

7. Конкурсқа қатысу ережелері 

Вокалдық конкурсқа өтінім бере отырып, сіз біздің конкурсқа қатысу шарттарымыз бен ережелерімізді автоматты түрде қабылдайсыз, осы конкурс қағидаларының барлық шарттары мен талаптарын орындауға және ұстануға, сондай-ақ қазылар алқасының шешімін қабылдауға келісім беруге міндеттенесіз. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;  

Ұйымдастырушылар байқаудан видео-аудио, фотоматериалдарды өз қалауы бойынша шектеусіз мерзім ішінде, ол үшін қандай да бір сыйақы төлемей және қандай да бір қосымша рұқсат алмай пайдалануға құқылы; 

Қатысушы осы конкурсқа қатысуға байланысты өзінің іс-әрекеттері үшін үшінші тұлғалардың алдында дербес жауапты болады. Қатысушы осы конкурсқа қатысуға байланысты үшінші тұлғалардың ұйымдастырушыға, мысалы, авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұйымдарға және т. б. қатысты наразылықтарын қоса алғанда, үшінші тұлғалардың барлық наразылықтарын дербес және өз есебінен реттеуге міндеттенеді; 

Ұйымдастырушылар қатысушының жасын және қай оқу орнынан келгенін растайтын құжатты сұратуға құқылы;

Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысуға және жүлделер алуға байланысты өздері шеккен барлық шығындарды (оның ішінде Интернетке қол жеткізуге байланысты шығындарды) өз есебінен төлейді;

Конкурсқа қатысу фактісі қатысушылардың конкурсты өткізудің осы Қағидаларымен толық келісетіндігін білдіреді.

8. Ұйымдастырушылар

Конкурстың ұйымдастырушысы: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

050000, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Панфилов көш., 127

Байланыс телефоны: 261-15-72

E-Mail: otanym.bakmekenim@mail.ru

«Жандану әлемі» жеке меншік қоры

050020, Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Медеу ауданы, Достық даңғылы, 341.