Close
04.03.2021

«Топжарған» атты республикалық шығармашылық онлайн-байқауға қатысуға шақырады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті 2021 – 2022 оқу жылының әлеуетті талапкерлеріне арналған «Топжарған» атты республикалық шығармашылық онлайн-байқауға қатысуға шақырады


  • Өтетін уақыты: 15-16 сәуір, 2021 жылы сағат 10.00-де
  • ZOOM қосымшасында өтеді.

Байқаудың ерекшелігі:

Онлайн-байқаудың І дәрежелі лауреаттарына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 6В02195 – «Өнертану» Білім беру бағдарламасының

  • «Өнертану»,
  • «Кинотану»,
  • «Театртану»,
  • «Кинотеледраматургия» мамандығына шығармашылық емтихан тапсырмай, тек кешенді тестілеуден ғана өтіп түсуге мүмкіндік беріледі.

Байқаудың ережесімен, толық ақпараттық хатты Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының kaznai.kz сайтынан алуға болады.

Байланыс телефондары: 8 727 / 281-82-91 (деканат)

                                            8 708 527 97 74 (М.Жақсылықова)

                                            8 747 7568463 (Е.Джумабеков)


Электронды мекен-жай: onertanu2014@mail.ru