• 28.03.2024

«Топжарған» шығармашылық онлайн-байқауының қорытындысы

Авторkaznai

Apr 18, 2021

2021 жылдың 15-16 сәуір аралығында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультетінің ұйымдастыруымен алғашқы рет «Топжарған» атты әлеуетті талапкерлерге арналған республикалық шығармашылық онлайн-байқауы өтті.

Байқау «Өнертану» Білім беру бағдарламасы, «Театртану», «Кинотану», «Кинотеледраматургия» траекториялары бойынша жарияланып, сайысқа республикамыздың барлық өңірлерінен колледж бітірушілері (түлектері) қатысып, бақ сынады.

Байқауға түскен жұмыстарды «Өнертану» факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан жасақталған Қазылар алқасы бағалады.

Нәтижесінде төмендегідей орын берілді:

«Театртану» траекториясы бойынша:

  • І – орын Искандер Әсем
  • ІІ – орын Нұраділ Алияр
  • ІІІ – орын Ысқақов Демесін

«Кинотану» траекториясы бойынша:

  • І – орын Дүйсенбекова  Аружан
  • ІІ – орын Амангелдиев  Мухтар
  • ІІІ – орын Даулет Аян

«Кинотеледраматургия» траекториясы бойынша:

  • І – орын Садуақас Тұрар
  • ІІ – орын Асылбекова Дана
  • ІІІ – орын Диханбай Мағжан

– І орын алған онлайн-байқау лауреаттарына Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театртану», «Кинотану», «Кинотеледраматургия» траекториялары бойынша 2021-2022 оқу жылындағы қабылдау емтихандарына жеңілдік беріледі, яғни шығармашылық емтихан тапсырмай, тек кешенді тестілеуден ғана өтеді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Приемная комиссия