Close
04.05.2021

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет пен «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған онлайн-байқау өз мәресіне жетті.

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет пен «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі бірлесіп ұйымдастырған онлайн-байқау өз мәресіне жетті.


Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін көтеру, қоғамдағы сыбайластыққа қарсы көзқарасты сақтап, насихаттау мақсатында өткізілген шараға 200-ге жуық студент қатысты.

Жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша ең үздік видеоролик, киносценарий және ең үздік пьесаға әділқазылар алқасы өз бағасын берсе, ҚР МСМ «Adaldyq alańy» жобалық кеңесінің басшысы М.Б. Қамзолдаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызмет басшысы Ә.Ә. Әнуар үздік деген жұмыстарды анықтап, лайықты деген студенттерге жүлделі орындарды тағайындады.

Сонымен «Үздік драматургиялық шығарма» номинациясы бойынша I орынды «Арман» шығармасы бойынша, Жанерке Молдажан;
«Үздік драматургиялық шығарма» номинациясы бойынша II орынды «Сөнбес сезім» шығармасы бойынша, Илхамжан Лохманов;
«Үздік драматургиялық шығарма» номинациясы бойынша III орынды «Күңгірт әлем» шығармасы бойынша, Нұртұрсын Серікұлы;
«Үздік видеоролик» номинациясы бойынша I орынды «Жаза» туындысымен Бекболат Уралов;
«Үздік видеоролик» номинациясы бойынша II орынды «Актив» туындысымен Ерзат Нусурат;
«Үздік видеоролик» номинациясы бойынша III орынды «Мы новое поколение и мы говорим коррупции нет» туындысымен Исламжан Касымовтар қанжығасына байлады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, аталмыш байқауға сәуірдің 6-сы мен 24-і аралығында көркем сценарийлер мен шағын пьесалар қабылданған болатын. Додаға академия студенттерімен қатар, республиканың барлық бакалавриат деңгейдегі білім алушылардың қатысатындығын хабарлаған едік.



#ЖүргеновАкадемиясы
#Тәуелсіздікке30жыл