Close
09.10.2020

Халықаралық конкурс-фестиваль жеңімпазы

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті Ермек Жүмабай Минскте өткен «LEMARI» халықаралық конкурс-фестивалінде Гран-При жүлдесін жеңіп алды.

2020жылдың 3-4 қазан аралығында өткен өнер бәйгесіне әр елден 183 вокалист қатысқан. Ермек Жұмабай Гран-примен қатар, «Эстрадалық вокал,Соло» номинациясы бойынша лауреат атанып, арнайы дипломмен марапатталған.