Close

Алматылық Лаура Мұхтар «Miss Queen Europe» халықаралық байқауының «Вице-мисс» титулын жеңіп алды. 50 мемлекеттен қатысқан арулар арасында үздік шыққан қазақстандық Естониялық орыс қызынан бірнеше ұпай ғана жіберіп алыпты. Соның кіл мықтылардың арасынан «бірінші мисс» атағы оңайлықпен бұйырмаған.

Лаура осыған дейін де отандық және шетелдік сұлулық байқауларына жиі қатысатын. Мәселен, былтыр “Алматы аруы” атағын алса, одан кейін Лондонда өткен Miss USSR UK сұлулық байқауының вице-мисі атанды.

Осынша жетістігі мен еңбегіне қарамай, Лаура әлі де студент екенін айта кеткен жөн. Ол Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы қоюшы режиссер мамандығының студенті. Сондай-ақ, қосымша хореограф болып жұмыс істейді.