• 28.03.2024

«Қазақ тілінің қазіргі қолданылу аясы» мәселесі бойынша онлайн дебат өткізілді.

Авторkaznai

Oct 20, 2021

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында 2021 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: мәңгілік елдің – мәртебелі тілі» тақырыбындағы Тілдер апталығы аясында «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА мен Қазақстан-Ресей медициналық университетінің 1-курс орыс топтары студенттері арасында «Қазақ тілінің қазіргі қолданылу аясы» мәселесі бойынша онлайн дебат өткізілді.

Онлайн дебат қорытындысы бойынша төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:

1-орын. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Өнерлі қырандар» командасы

2-орын. Қазақстан-Ресей медициналық университетінің «Болашақ дәрігерлер» командасы

Сонымен қатар «Үздік спикер», «Үздік шешен», «Үздік сұрақ» номинациялары бойынша төмендегідей студенттерге 1-дәрежелі дипломдар табысталды.

Үздік спикер номинациясы бойынша «Өнерлі қырандар» командасының спикері Аужанова Аяулым

Үздік шешен номинациясы бойынша «Болашақ дәрігерлер» командасының спикері Нұрсалбек Ақнұр

Үздік сұрақ номинациясы бойынша «Болашақ дәрігерлер» командасының спикері Сарсебек Ақерке

Жүлделі орындарыңыз құтты болсын!

Приемная комиссия